• Информационные стенды компании «iVOX»

          • Учреждение образование колледж "Аяжан" приобрёл обучающие, информационные стенды компании «iVOX».  Интерактивный стенд отображает информацию через сканирование QR-кода, который может хранить в себе гигабайты данных. К примеру, стенд можно каждый день при необходимости актуализировать в удаленном режиме. Информация по каждой тематике хранится в одном облаке, управлять которым можно посредством веб-приложения.

            А также стенды, где обучающиеся могут посмотреть и скачать каждый себе на смартфоны расписание занятий, информацию по госуслуге, ПДД, антикоррупции, антитеррору, правила пожарной безопасности и др.

          • «АЛТЫН ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясы

          • Колледж еріктілер тобы, Умбеталиева Айгерім Болатовна бастауымен "1-наурыз Алғыс айту күніне" орай «АЛТЫН ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 
            Қазақта «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөз бар. Жастардың ізгіліктің нақты көрінісін көрсетіп жүрген игі істері көңіл қуантады. Расында да біреуге көмек көрсету үшін бай болып қажет емес, тек қана мейірімді жүрек пен таза ниет болса болғаны. Халқымыз қайырымдылықты қасиетті, қастерлі ұғым санаған. Сондықтан қоғамда өз ортамызды ынтымақ пен қайырымдылық мекеніне айналдыру өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз жөн.

          • 1 наурыз - Алғыс айту күні

          • Білім беру мекемесі “Аяжан” колледжінде, Түрксіб ауданы әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Түрксіб аудандық “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1 наурыз - Алғыс  айту күніне орай өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен “Құт мекенім-Қазақстан!” атты өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен іс-шара болып өтті.

            Алғысөзбен Білім беру мекемесі “Аяжан” колледжінің директоры,Түрксіб аудандық “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы -Құрымбаева Күлдарихан Құржыққызы ашты. Алғыс айту күні жыл сайын елімізде кеңінен атап өтілетініне тоқтала келіп, бір шаңырақ астында , тату-тәтті өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға келу тарихына қысқаша тоқталып өтті.
            Мохаммед Саруар Омар – «Ассамблея жастары»  Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша  төраға міндетін атқарушы. Ассамблея жастарының ықпалымен атқарылып жатқан еліміздегі көптеген іс-шараларға тоқталды. 
            Йылмаз Сафарауль - «Ассамблея жастары»  Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша төраға орынбасары.Ассамблея жастарымен бірігіп жұмыс жасауға әрдайым дайын екендіктерін білдірді. 
            Данияр Әлбозым - Наурызбай ауданы “Қазақ тілі” қоғамы төрағасы, жазушы. Сөз барысында, өзінің тұрған  Жандосов ауылында болгар ұлтымен болған қызықты әңгімені баяндап берді. Әңгіме барысында, қазақ елдіне, жеріне үлкен алғысын білдіргенін, қиын кезеңде қол ұшын бергенін, осы күнге дейін көзіне жас алып еске алатынын айтты.